Исраил халқының тарихынан 1970 жылдары олардың Уәде етілген жерден қуылғанын, тарап кеткенін және жер аударылғанын білеміз. Шамамен 2 000 жыл бұрын исраилдіктер бөтен жерде өмір сүрген. Олар әртүрлі жерлерде тұрғандықтан, қуғын-сүргінге жиі ұшыраған. Ол әсіресе христиандық Еуропада кең таралған. Испания мен Батыс Еуропадан Ресей шекарасына дейін Израиль халқы өте қиын жағдайда өмір сүрді. Мұса (ғ.с.) жазған «қарғыс» дәл осылай орындалды:
Сендерге сол халықтардың арасында да тыныштық болмайды. Аяқтарың дамыл таппай ел кезетін боласыңдар. Жаратқан Ие сендерге дірілдеп үрейленген жүрек, көз жасын төгіп, көруден қалған көз және үміті үзіліп торыққан көңіл береді.
Заңды қайталау 28:65
Төменде уақыт сызбасында Киелі кітап заманынан бастап, осыдан 2000 жыл бұрын исраил халқының өмір сүрген кезеңі көрсетілген. Ол кезең ұзын қызыл сызықпен белгіленген.
Мұса пайғамбар (ғ.с.) заманынан бастап біздің күнге дейінгі еврей халқының тарихи хронологиясы.
Осы уақыт сызбасынан сіз тарих бойынша исраил халқының екі рет қудалауға ұшырағанын көре аласыз, бірінші қудалауға (б.з.д 600-550 ж.ж. аралығында ғана) қарағанда екінші қудалау өте ұзақ уақытқа созылды.
Еврейлер өз мәдениетінің бірегейлігін сақтап қалды
Исраил халқы өз мәдени тамырын жая алатындай тұрақты жері болмаса да, қудалауға байланысты ұрпақтары тез көбейе алмаса да, осы 2000 жылғы кезеңде олардың өз мәдени бірегейлігін жоғалтпай сақтап отырғаны мені әрқашан таңқалдырады. Иә, бұл өте таңқаларлық дүние. Осы жерде Мұса пайғамбар (ғ.с.) 1-ші нышан-белгісі кезінде уәде етілген жерде тұрған халықтар тізімі берілген:
Сондықтан Мен халқымды мысырлықтардың қолынан азат ету үшін көктен түстім. Оларды Мысырдан алып шығып, қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктер қоныстанған елге бастап алып барамын.
Мысырдан шығу 3:8
Мұса пайғамбар арқылы бата және қарғыс уәде етілген кезден бастап:
Құдайларың Жаратқан Ие сендерді елді иемдену үшін соған кіргізген кезде Өзі алдарыңнан бірнеше ұлтты қуып шығады. Олар: хеттіктер, гергестіктер, аморлықтар, қанахандықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктер.
Заңды қайталау 7:1
Осылардың ішінде өз мәдениетін, жерін немесе тілін сақтап осы күнге дейін жеткен ұлт бар ма? Жоқ, олар баяғыда құрып кеткен. Мысалы, гергестіктер туралы көне тарихтан қана оқып білеміз. Қуатты Бабыл, Парсы, Грек және кейін Рим патшалықтары осы жерлерді жаулап алғанда, олар біртіндеп жер бетінен жойылып кетті. Мен қазір Канадада өмір сүремін, бірақ мен осы күндері жердің түкпір-түкпірінен босқындардың келіп жатқандарын білемін. Мен өте жас кезімде Канадаға Швециядан қоныс аудардым. Менің ұлым швед тілінде сөйлей алмайды. Менің ағам және апайымның да балалары сол секілді швед тілін білмейді. Менің ата-бабамның шведтік ұлты осылай Канада мәдениетінің пешінде еріп жойылып барады. Бұл барлық қоныс аударып келген ұлттарға тән, мейлі ол Жапония, Кәріс, Қытай, Оңтүстік Америка, Африка немесе Еуропа елдерінен болсын бәрібір, екі, үш ұрпақтан кейін олар өз ұлттарынан айырылады.
Ал осы нәрсе исраил халқы үшін өте таңқаларлық жағдай, өйткені олар бар жоғы 15 миллион халқы бар, 2000 жыл бойы жат жұрттықтар арасында қуғын көрсе де не мәдениетін, не тілін, не дінін, не ұлттығын құртпай сақтап отырды.
Қазіргі еврей геноциді – Холокост
Сол кездері исраил халқын қудалау мен қуғындау ең жоғарғы шегіне жетті. Екінші дүние жүзі соғысы кезінде, Гитлер ұлттық Германия арқылы еврейлерді бүкіл еуропа жерінен құртуға шешім шығарды. Оларды механикаландырылған газ пештерінде өртеу арқылы ол мақсатына жете жаздады. Алайда ол жеңіліс тапты да қалған еврейлер аман қалды.
Израилдің заманауи жаңғыруы
Содан 1948 жылы Израиль халқы Жалпыұлттық ұйым арқылы қазіргі Израиль мемлекетін құрды. Бір қызығы, жоғарыда атап өткендей, осыншама жылдарға қарамастан олар өздерін «еврейлер» деп таныстыра алды.
Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы 3500 жыл бұрын жазылған болжам орындалу үшін, сол уәде алған ұрпақ сақталуы керек. Өте ұзақ уақыт қудалау көрседе исраилдіктер халық болып сақталды.
…онда Құдай Иеміз сендерді құлдықтан қайтарып алып, аяп-мүсіркейді. Ол сендерді Өзі шашыратып жіберген халықтардың арасынан қайтадан жинап алмақ. Тіпті жердің қиыр шеттеріне аластатылған болсаңдар да, Құдай Иеміз сендерді сол жақтан да жинап, ата-бабаларың иемденген елге қайтарып алып келеді. Содан осы елге тағы да ие боласыңдар. Құдай Ие сендерді ата-бабаларыңнан да асқан дәулетті әрі сансыз көп етеді.
Заңды қайталау 30:3-4
Бұл Жаратқан Иенің Өз сөзін орындайтынның анық белгісі. Бұл мемлекеттің жан-жақты қарсылықтарға қармастан құрылғаны да ерекше болып тұр. Сол маңайдағы көптеген елдер исраил халқымен 1948 жылы, 1956 жылы және 1967 жылдары соғыс жүргізді. Израиль өте кішкентай мемлекет, бірақ соған қарамастан маңайындағы бес елмен бір мезетте соғысқан кездері де болды. Сол соғыстарда олар тек жеңіп қана қойған жоқ, сонымен бірге жер көлемін де ұлғайтып алды. 1967 жылғы соғыста исраил халқы арғы аталары Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) арқылы салынған астаналары Иерусалимді қайтарып алды.
Құдай неге исраил халқының жаңаруына жол берді
Бүгінгі күнге дейін осы оқиғалар туралы пікірлер қарама-қайшы түсіп жатады. Осы уақытқа дейін мыңдаған жылдар бойы қуғын-сүргін көріп жер бетінің түкпір-түкпірінен еліне қайта оралып, исраилдіктердің қайта халық боп қалыптасуынан басқа бірде-бір соған ұқсас оқиға сондай қызыл талқылауға түспепті. Осыны оқып отырғанда сізді де ашу кернейтін шығар. Бүгінгі еврейлер арасында Гитлердің геноцидінен кейін діншіл емес, зайырлы және тіпті атеистік жолды таңдағандары көптеп кездеседі. Және бұл олар дұрыс істеп жатыр деген сөз емес. Бірақ ерекше таңқаларлығы сол, Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы исраил халқына жазылған қарғыстың соңы, дәл сондай болып жатқанына бүгінгі күндері біз куәміз. Неге? Бұл нені білдіреді? Егер олар әлі де Мәсіхтен бас тартып жатса, ол неге орындалуы керек? Бұл өте маңызды сұрақтар. Осы сұрақтардың жауаптарын Таурат пен Забур кітаптарынан табуға болады. Мүмкін сіз менің жазғаным ащы шындық болғандықтан ашуланатын шығарсыз. Осы керемет оқиғалар туралы пайғамбарлар не жазып қалдырғанын түсінгенге дейін, мүмкін қорытынды шешімді шығармай қоя тұрармыз. Олар жазбаларын біздің пайдамыз үшін жазып қалтырды – өйткені оның бәрі еврейлерді және барлық басқа халықтарды Алла сотының алдына апарады. Осы пайғамбарлар не жазып қалтырды, барлық жазбаларды зерттей отырып өз пікірімізді құра алуымыз үшін, алдымен сол жазбалардан хабардар болайық. Еврейлер Мәсіхтен неге бас тартқанын түсіну үшін, Забур жазбаларын талқылайық.